Ертең, яғни 6 маусымда Құрбан айт басталады. Таңғы сағат 07:00-де айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін шығысқазақстандықтар құрбан шала бастайды.
Мал сою үшін қала бойынша арнайы 40 қасапшы дайындалған. Шаһар тұрғындары үшін құрбан шалатын орын ретінде Атығай асуының маңы белгіленді.
— Мал сою орнында ветеринарлық бақылау бекеті қойылады. Сол жерде мамандар құрбандыққа әкелінген малды, оның құжаттарын және сойылған етті толық тексерістен өткізеді. Мал сою орындарында ветеринарлар мен санитарлар барлық санитарлық-ветеринарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалайды, — деп хабарлады қала әкімдігінен.