в

ШҚО-да ер адам досынан қарызға ақша алып, байланыссыз жоғалған

Өскемен қаласында көші-қон қызметінің қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ер адам танысынан пәтер жөндеуге деп 7,5 миллион теңге қарызға алып, кейіннен байланысқа шықпай, ізін суытқан. Жәбірленуші бұл туралы құқық қорғау органдарына арызданған.

Күдіктіні іздеуге көші-қон қызметінің мамандары кірісті. Бір тәулік ішінде оның қайда екені анықталып, ұсталып, әрі қарай тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта іс сот орындаушыларына беріліп, қарызды өндіру шаралары қолға алынды.

Полиция азаматтарға кез келген қаржылық келісім-шарттарды, тіпті жақын адамдармен де, заң аясында ресімдеудің маңыздылығын еске салып, мұндай жағдайларды назардан тыс қалдырмауға шақырады

В Восточном Казахстане мужчина взял у друга 7,5 миллиона тенге и скрылся

Собрание дачников и властей: как решить проблему с грузовиками на узкой дороге