в

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында білім беру саласына баса назар аударылды

Кеңесші аймақтағы бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандарды аралап, білім беру ұйымдарының ұжымдарымен және оқушылармен кездесті.
Атап айтқанда, «№50 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің жұмысы назарға алынды.

Мектеп заманауи жабдықталған: STEM және робототехника сабақтары, зертханалар мен түрлі үйірмелер белсенді жұмыс істейді.

Оқушылар пәндік олимпиадаларда, спорттық жарыстарда, мәдени және интеллектуалдық сайыстарда жүлделі орындарға ие болды:
• «RoboLand-2025» сайысына 30 оқушы қатысып, бірі жүлдегер атанды,
• 1 оқушы «Future Leaders Exchange» бағдарламасы арқылы АҚШ-қа оқуға жолдама алды.

Кездесу барысында өңірдің білім беру мекемелерінің өкілдері Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінде көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Қатысушыларға Президент бастамаларының өңірлік деңгейде де кең қолдау тауып отырғанын және бұл мәселелердің олардың кәсіби қызметімен өзара үндесіп жатқанын жеткізді.

Более 288 тысяч услуг получили лица с инвалидностью через специальный портал в 2025 году

В Восточном Казахстане мужчина взял у друга 7,5 миллиона тенге и скрылся