Риддер қаласында тұратын 9 жасар балаға облыс орталығындағы дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
— Сол жерге ҚР ТЖМ «Еврокоптер» тікұшағы жұмылдырылды. Кәсіби ұшқыштар Бейбіт Смағұлов, Шыңғыс Мәлипьянов және санитарлық авиация дәрігерлері Рим Меңдібаев пен Бек Асаубаев рейсті сәтті аяқтап, науқасты Өскемен қаласындағы ауруханаға одан әрі оған медициналық көмек көрсету үшін жеткізді, — делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары азаматтарға жедел көмек көрсетуге әркез дайын.