в

ШҚО-да уылдырық шашу маусымы кезінде 92 браконьерлік фактісі тіркелді

Өңір бойынша сәуір айының ортасында басталған «Уылдырық шашу-2025» акциясы мәресіне жетті. Бір жарым айдың ішіндегі рейдтер барысында 117 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.

— Оның ішінде 92-сі – заңсыз балық аулау, 24-і – кемемен қатынау ережелерін бұзу, 2-і – су айдындарын ластау, 1-і – балықты заңсыз тасымалдау. Тексеру барысында құқықбұзушылардан 130 балық аулау торы мен 3 қайық тәркіленді. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 44 келіні құрады, — дейді Зайсан-Ертіс аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Фархат Байбазаров.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2 422 000 теңгеге жеткен.

Жалпы осы жылдың басынан бері инспекция 656 рейд өткізіп, нәтижесінде 1,5 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық пен 973 құрал-жабдықты тәркіледі.

Риддер показывает уверенный экономический рост в первом квартале 2025 года

В Усть-Каменогорске отметили День государственных символов массовым забегом