Риддер қаласының әкімі ата-аналар комитеті мен Қоғамдық кеңестің өкілдерімен бірге жаңа «Шаңырақ» мектебінің құрылыс алаңына барып қайтты

Сапар барысында авторлық және техникалық қадағалау мамандары құрылыс жұмыстарының қазіргі барысы туралы жан-жақты түсініктеме берді. Құрылыс жұмыстары бекітілген мерзімге сай, сапа талаптарына толық сәйкес жүргізіліп жатқаны және барлық құрылыс материалдарының бекітілген сипаттамаларға сәйкес қатаң түрде сатып алынатыны атап өтілді.

Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін құрылыс нысанының негізгі қаңқасын аяқтап, ғимаратты шатыр астына енгізу жоспарланып отыр. Бұл алдағы қыс мезгілінде ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мұндай маңызды жобаларды іске асыру барысында қоғам және ата-аналар қауымдастығымен ашық диалог жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кагарманов Сабир Вильданович мектеп құрылысына қолдау білдіріп, оның жас ұрпақ үшін аса маңызды екенін айтты:
– Қаламыздың қалай жаңарып келе жатқанын көріп отырмыз. Осындай заманауи мектептің салынуы – білім беру саласындағы ілгерілеудің айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар балалар мен болашаққа деген қамқорлықтың нышаны. Үлкен буын әрдайым жастарға бағытталған бастамаларды қолдайды, – деді ол.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Еркебұлан Төлеуханов та құрылыс барысын және мердігер, әкімдік пен қоғам арасындағы тығыз байланысты оң бағалады:
– Біз үшін мектептің уақытында салынып қана қоймай, заманауи талаптарға сай болуы да маңызды. Біз, қоғам белсенділері ретінде, бақылау жүргізуге және халық пен атқарушы органдар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге дайынбыз, – деді ол.

Құрылыс алаңын аралау барысында болашақ мектептің негізгі нысандары көрсетіліп, алдағы кезеңдерде атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Новые статьи

Өскеменде Әуезов даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып жатыр

Өскемен қаласындағы негізгі көшелердің бірі – Әуезов даңғылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталмыш даңғылдағы жаңғырту жұмыстары жылы маусым басталысымен қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше...

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число лучших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике. Крупный международный турнир проходит в Астане...

Өскемендік гимнаст қыздар Азия чемпионатында үздіктер қатарына енді

Өскемен қаласының Space командасы 13-14 маусым күндері Астанада өтіп жатқан эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғады. «Жасөспірімдер»...

Казахстан, Firebird и NVIDIA подписали соглашения по ИИ на $10 миллиардов

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с вице-президентом NVIDIA Ревом Лебаредяном и сооснователями Firebird – генеральным директором Размиком Овакимяном и Александром Есаяном. Главной...