ШҚО-дағы тасжолдар бойына әр 50 шақырым сайын жол бойындағы қызмет көрсету нысандары ашылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданына жасаған жұмыс сапары барысында жол бойындағы сервистік нысандардың өңірлік туризмді дамытудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай инфрақұрылым аудан орталықтары мен ауылдарда туризмнің дами түсуіне жол ашады.

Сапар аясында Үлкен Нарын ауданы әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның бірлескен жобасы ретінде жаңа жол бойы қызмет көрсету пункті ашылды. Бұл нысан жаңа жұмыс орындарын да құрады.

— Туризмді дамыту үшін ең алдымен жол, инфрақұрылым және сапалы жол бойындағы қызмет көрсету нысандары қажет. Өткен жылы облыс бойынша 710 шақырым жол жөнделді. Биыл тағы 870 шақырымды жөндеу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар жол бойындағы нысандарға электр қуатын, су құбырын және кәріз жүйесін тартып жатыр. Ал «ҚазАвтоЖол» демалуға, шәй-кофе ішуге мүмкіндік беретін павильондық кешендер орнатуда», — деді облыс әкімі.

Ашылған нысан аумағында түрлі кофе мен дәстүрлі рецептер бойынша пісірілген тоқаштар ұсынылатын экспресс-кафе, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарлар сататын дүкен бар. Сонымен қатар кешенде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық аймақтармен жабдықталған көпорынды әжетханалар, ана мен бала бөлмесі, намаз оқуға арналған арнайы бөлме қарастырылған.

Әкімнің айтуынша, мұндай жол бойындағы қызмет көрсету нысандары облыс жолдарының бойына шамамен әр 50-60 шақырым сайын орнатылады.

Новые статьи

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...

В Усть-Каменогорске прошел вечер классической музыки «Звездные часы оперетты»

В Усть-Каменогорске прошел музыкальный вечер «Звездные часы оперетты», приуроченный ко Дню города. Концерт объединил классическую музыку, популярные произведения и интерактивы со зрителями. Вход для...

В Усть-Каменогорске впервые провели фестиваль воздушных змеев

В Усть-Каменогорске на площадке Чечек впервые проходит фестиваль воздушных змеев, организованный в рамках празднования Дня города. Небо над площадкой украсили десятки ярких змеев, а...