Өскемен қаласындағы «ADK River» сауда ойын-сауық орталығында тұрақта тұрған 2003 жылғы JEEP LIBERTY көлігі өртенді.
— Қызыл жалынның көліктің қозғалтқыш бөлігі мен аспаптар панелін шарпыды. Көп ұзамай жалпы ауданы 1 шаршы метрді құраған өрт ауыздықталды, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осы ретте, құтқарушылар көлік жүргізушілеріне темір тұлпарларын алдын ала тексертуден өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап жүруді ескертті.