Шығыс Қазақстанда кене энцефалиті мен Лайм ауруына шалдыққандар тіркелді

Өңірде кене энцефалитінің зертханалық расталған екі жағдайы тіркелді. Олар – Риддер қаласы мен Катонқарағай ауданының тұрғындары. Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті.

Бұдан бөлек, Риддер қаласы мен Алтай ауданында екі адам Лайм боррелиозына шалдықты. Бұл да кене арқылы таралатын бактериялық инфекция.

– Әрбір жағдай зертханалық растауды талап етеді. Кене энцефалитінің екі жағдайында да диагноз серологиялық зерттеулер негізінде қойылды. Бұл халық үшін инфекция жұқтыру қаупінің әлі де сақталып отырғанын көрсетеді, — делінген ақпаратта.

Облыста сәуір айынан бері 3 мыңға жуық адам, оның ішінде 765 бала кенеден зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Олардың 92%-ы инфекциялардың алдын алу үшін иммуноглобулин алды. Қалғандары әртүрлі себептерге байланысты вакцина салдырған жоқ. Атап айтқанда, медициналық көмекке кеш жүгіну, өз еркімен бас тарту, қарсы көрсетілімдер немесе кененің эндемиялық аймақтан тыс жерде шағуы.

Кенеден зардап шеккендер саны жағынан Өскемен алдыңғы орында — 1551 жағдай. Ал Риддер екінші (298), Алтай ауданы үшінші (247) орында тұр.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...