ШҚО-да Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері ХҚКО-ға келді

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» республикалық онкүндігі аясында Өскемен қаласындағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығына «Үміт» балалар үйі мен «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері қонаққа келді. Бұл сапар «Кибер Тұмар» күніне орай ұйымдастырылып, балаларды заманауи цифрлық технологиялармен және мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жас қонақтар үшін ХҚКО-да таныстыру экскурсиясын ұйымдастырып, мекеменің негізгі жұмыс бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін қалайша заманауи цифрлық технологиялар арқылы ашық, ыңғайлы және қолжетімді етуге болатынын көрсетті.

Экскурсия барысында балаларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірнеше аймаққа бөлінетіні түсіндірілді, мысалы: қызмет көрсету, жылдам қызмет көрсету, құжаттау, жайлылық аймақтары. Балалар әсіресе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына ерекше қызығушылық танытты.

— Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Балалар тек оны қолдана біліп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңызын түсінулері өте маңызды. Мұндай іс-шаралар цифрлық сауаттылықтың берік негізін қалауға көмектеседі деп есептеймін, — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Азамат Есембулов.

Іс-шара соңында балаларға Мемлекеттік корпорация қызметі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне арналған шолу курсын өткендігі туралы сертификаттар табысталды. Айта кетейік, іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске открыли сезон речных трамвайчиков

Новый сезон традиционно стартовал первого мая. В этом году, гостей ждут не только уже знакомые речные маршруты и туры по городу и Усть-Каменогорскому водохранилищу,...

В Усть-Каменогорске День единства отметили у Дома дружбы

В День единства народа Казахстана праздник в областном центре развернулся и на площадке перед региональным Домом дружбы народов. Здесь сделали ставку на живое общение,...

Глава региона Нурымбет Сактаганов поздравил восточноказахстанцев с Днем единства

В областном центре с самого утра проходят праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана. Для гостей и жителей города подготовили концерт, выставки, народные игры,...

В Усть-Каменогорске отмечают День единства народа Казахстана

Сегодня в областном центре отмечают День единства народа Казахстана, в рамках праздника запланирована масштабная программа сразу на нескольких локациях в городе. Праздничный концерт начался в...