«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметіне сүйенсек, 24 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай соғады.
— Жел оңтүстік-батыстан соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, — делінген ақпаратта.
Өскемен қаласында найзағай соғып, күндіз бұршақ жауады деп күтіліп отыр. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Екпіні секундына 15-20 метр.