в

«Семей орманынан» 520 млн теңгенің көшетін ұрлағандар сотталды

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданы аумағында жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізген. Соның нәтижесінде «Семей орманы» РММ Долон филиалынан жалпы сомасы 519 861 516 теңгеге бағаланған 264 426 көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды.

— Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар облыс тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жіберілді, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Курчатов қаласының сотында күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, үкім шықты. Соған сәйкес екі айыпталушы мүлкін тәркілеусіз 5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

В ВКО прошли футбольные соревнования среди подростков при поддержке полиции

ШҚО-да тауарлық газдың шекті бағасы ел бойынша ең төмен