ШҚО-да АИТВ жұқтырғандар бұрын-соңды тіркелмеген аудандарда ауырғандар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ) жұқтырғандар бұрын-соңды тіркелмеген аудандарда ауырғандар анықталып отыр.
Өңір бойынша осы жылдың бірінші тоқсанында АИТВ жұқтыру дерегі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға азайған. Десе де 3 бірдей ауданда алғаш рет науқастар тіркелді. Олар Самар, Зайсан және Ұлан аудандары. Бұл туралы ШҚО ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілі Арай Айдарқызы мәлім етті.

— Өңірде АИТВ жұқтырғандар ең көп тіркелетін қала, аудандар — Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Шемонаиха, Глубокое аудандары. Жас ерекшелігіне келсек, жұқтырғандардың көбі 30-49 жас аралығындағы адамдар. Яғни, ауырғандар жұмыс істейтін азаматтар арасында. Ер адамдар бұл дертке әйелдерге қарағанда екі есе жиі шалдығады, — деді ол.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан республика деңгейінде АИТВ жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. Қазіргі таңда бірінші орында — Қарағанды облысы.
Мамандардың айтуынша, вирус негізінен жыныстық қатынас арқылы тарайды. Бұл жалпы жұқтырғандардың 75 пайызы.

Новые статьи

В ВКО в этом году завершат ремонт ключевых трасс к туристическим местам

В Восточно-Казахстанской области в 2026 году завершат ремонт основных автомобильных дорог, ведущих к туристическим направлениям. Об этом стало известно на совещании под председательством советника...

В Казахстане стартовала серия мероприятий «Путь к науке»

В организациях образования Казахстана стартовала масштабная серия мероприятий «Путь к науке», приуроченная к Национальному дню книги. Инициатива проходит в рамках единой программы воспитания «Адал...

ШҚО-да экологиялық жағдайды жақсарту үшін экопарктер құрылмақ

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Бақытжан Сапиевтің төрағалығымен өткен жиын барысында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жай-күйі талқыға салынды. Соның барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет...

В Восточном Казахстане создадут три экопарка

В Восточно-Казахстанской области начнется создание трех экопарков - современных общественных пространств, где благоустройство будет строиться вокруг сохранения природной среды. Об этом рассказал глава региона...