back to top

ШҚО тұрғынының абыройын түсіретін видеоны таратамыз деп қорқытқан полицейлер сотталды

Сот ісі Өскемен қалалық №2 сотында қаралды. Анықталғандай, полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке өміріне қатысты деректерді біліп, одан ақша бопсалау үшін алдын ала сөз байласқан.

Содан соң ер адамға абыройына нұқсан келтіретін видеоны көрсеткен. Ол болса тәртіп сақшыларының талабына көніп, 3 млн теңге берген. Сот барысында үшеуі де өз кінәларын мойындаған жоқ.

— Айыпталушылар ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (өзiне немесе басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) және 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы топпен бопсалау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 6 жылға, екеуі 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.

Үшеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

ШҚО әкімі «Торпедо» хоккейшілерін марапаттады

Нұрымбет Сақтағанов Англияның Ноттингем қаласында өткен Континентальдық кубоктан күміс медаль иеленіп келген «Торпедо» хоккей командасының ойыншыларын құттықтады. - Бұл спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейінің, жаттықтырушылар штабының...

Аким ВКО поздравил ХК «Торпедо» с историческим серебром Континентального кубка

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поздравил хоккейный клуб Торпедо с завоеванием серебряных медалей Континентального кубка, финальные матчи которого прошли в английском Ноттингеме. Глава региона...

Вода, тепло и контроль Правительства: как в ВКО реализуют ключевые инфраструктурные проекты

В соответствии с поручением Премьер-Министра в Восточно-Казахстанскую область с рабочим визитом прибыли советник Премьер-Министра Республики Казахстан Ермек Маржикпаев и региональный инспектор Аппарата Правительства РК...

Политические реформы Казахстана получили европейское признание

Парламентская Ассамблея Совета Европы (ПАСЕ) приняла письменную декларацию «Поддержка демократических реформ и регионального лидерства Казахстана» (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership). Автором документа...