ШҚО-да әлі күнге дейін коммуналдық қызмет саласындағы маман тапшылығы сезіліп отыр

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, саладағы әртүрлі мамандықтар бойынша 500-ге жуық адам тапшы.

Әсіресе жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, кәріз және қалдықтарды кәдеге жарату салаларында кадр тапшылығы өткір. Ал ең көп сұранысқа ие мамандықтар — қазандық машинистері, механиктер, жүргізушілер, инженерлік-техникалық жұмысшылар. Мәселен, штаты 3514 адамнан тұратын «Біріккен энергетикалық сервистік компания» АҚ-да жұмысшылар саны — 3321 адам. Мемлекеттік коммуналдық мекемелердегі 2808 штаттың тек 2168-і толық. Осылайша, тапшылық 23 пайызға жеткен.

Білікті мамандарды ұстап қалу үшін облыста 2024 жылдан бастап «Шығыс Маманы» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылды, онда 10% бастапқы жарна және 19 жылға дейінгі жылдық тиімді мөлшерлеме 5% шартымен тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктері қарастырылған. Өткен жылы іріктеу қорытындысы бойынша жылу-энергетика саласының 17 маманы үй сатып алды.

— Баспаналы болғандар қатарында қазандық операторлары мен басқа да мамандар бар. Барлығы 52 адам өтініш білдіріп, оның 17-сі іріктелді. Бұл жұмыс Үкімет деңгейінде бағаланып, оны республика бойынша енгізу ұсынылды, — дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

2025 жылы бағдарлама кеңейтіліп, сумен жабдықтау және кәріз саласындағы жұмысшылар да қамтылмақ. Сол үшін облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлініп, «Отбасы банкімен» келісімге қол қойылды.

Жыл өткен сайын жалақының көтеріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етудің арқасында мамандар тапшылығы біртіндеп азайып келеді.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...