ШҚО-дағы кәсіп иелері медициналық сақтандыруға қатысты заңға өзгеріс енгізуді сұрайды

Жеке кәсібі мен жұмысын қатар алып жүрген кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыруға екі рет – жалақысы мен қызметінен түскен табысынан жарна төлеуге мәжбүр. ШҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде осы тақырып талқыға салынды. Кеңес мүшелерінің айтуынша, бұл әділетсіздік. Себебі олар басқалар сияқты жалпы негіздегі медициналық қызметтерді пайдаланады.

— Мәселен, кретивті индустрияда табыс тұрақсыз. Кей айларда табыс мүлде болмайды. Бірақ сонда да сақтандыруға ақша төлеу міндетті, — дейді кәсіпкерлер.

Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес кірістің барлық түрінен жарна төленетінін еске салды.

— Бірнеше жерде жұмыс істейтін азамат барлық табысы бойынша жарна төлейді, бірақ сома 17 мың теңгеден аспауы керек. Әлеуметтік жүйеде барлығы тең болуы қажет, — дейді филиал директорының орынбасары Ирина Степанова.

Алайда Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасынан бұл норма әуел бастан-ақ жөнге келтірілмегенін алға тартты. Бұған дейін арнайы салық режиміндегі жеке кәсіпкерлер – такси жүргізушілері мен курьерлер міндетті медициналық сақтандыру төлеушілер қатарынан шығарылған болатын.

— Жалдамалы жұмыс істейтін кәсіпкерлерді де сақтандыру төлемінен босату керек деп есептейміз. Оның үстіне келесі жылы олардың салық жүктемесі бәрібір артады, — дейді палатаның бөлім басшысы Алыстан Маратов.

Кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы медициналық сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Олар жүйеде жұмысшы әрі кәсіпкер ретінде тіркелген жеке кәсіп иелерінен енді қос жарна алынбауды талап етіп отыр.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...