Абай облысында 10-сынып оқушысы ерекше мобильді ойын жасады

Абай облысының оқушысы республикалық ойын жасау байқауында жеңімпаз атанып, 1 млн теңге жеңіп алды.

Абай облысындағы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Жалғас Тукен республикалық GDC GameJam байқауында топ жарды. Бұл байқауды Astana Hub пен Grand Mobile ұйымдастырған. Онда елдің әр өңірінен келген 25 команда қатысты.

Ойын шарты бойынша бір апта ішінде өз ойынын жасап шығулары керек. Жалғас осы сайыста «Bombergirl» мобильді ойнын ұсынып, бас жүлдені жеңіп алды.

— Ойынның мазмұны бойынша, бас кейіпкер Холли туған қаласын вирус пен техникалық ақаулардан құтқаруы тиіс. Ойын барысында түрлі тапсырма орындап, сюжет бойынша жаңа мәлімет ашылады. Қаланың тұрғындарына көмектесу үшін әртүрлі кедергілерден өту қажет. «Bombergirl» ойыны Unity платформасында жасалып, C# бағдарламалау тілінде жазылған. 2D форматта әзірленген жоба өзіне тән көркемдік стилі, жарық пен дыбыс эффектілерімен ерекшеленеді. Ойын картасы әр жолы жаңа алгоритммен автоматты түрде жасалады. Сондықтан әр ойнағанда жаңа орта пайда болады, — деп хабарлады облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазір ойын Play Market-ке шығуға дайындалып жатыр. Алдағы уақытта iOS жүйесіне де бейімделмек. Ойын тек ағылшын тілінде, бірақ болашақта қазақ, орыс және басқа тілдер қосу жоспарда бар.

— Жалғас болашақта бұл ойынды дамытып, жаңа деңгейлер қосу, монетизация енгізу және кәсіби студиялармен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Жүлдеден түскен қаржыға ол кәсіби суретші жалдап, техникалық құрал-жабдықтарын жаңартпақ, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

ТЖМ тікұшағы санитариялық рейс орындады

«Қазавиақұтқару» АҚ авиациясының ұшқыштары Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов және санитариялық авиация дәрігерлері Рүстем Мұқажанов пен Антон Волков 1963 жылы туған науқасты шұғыл...

Вертолет МЧС совершил санитарный рейс

Пилоты «Казавиаспас» Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов и врачи санавиации Рустем Мұқажанов и Антон Волков совершили рейс по маршруту Усть-Каменогорск – Шемонаиха –...

Спасатели МЧС эвакуировали двух женщин с Бухтарминского водохранилища

На пульт 112 поступило сообщение о происшествии на воде в районе Солдатского залива района Алтай Восточно-Казахстанской области. Помощь спасателей потребовалась отдыхающим, оказавшимся в затруднительном...

ТЖМ құтқарушылары Бұқтырма су қоймасынан екі әйелді эвакуациялады

112 пультіне Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Солдат шығанағы ауданында судағы оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Бұқтырма су қоймасында қиын жағдайға тап болған демалушыларға...