ШҚО-дағы Зайсан ауданында жас сарбаздар әскери ант қабылдады

2025 жылғы 4 мамыр күні Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасында жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл – әрбір сарбаз үшін ерекше мәнге ие, Отан алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің нышаны болып саналатын маңызды сәт.

200-ден астам жас сарбаз ел шекарасын күзетуге, бейбіт өмірді қорғауға және мемлекеттің тұтастығын сақтауға салтанатты түрде ант беріп, азаматтық өмірдің жаңа белесіне қадам басты. Олардың жүзінен туған жерге деген мақтаныш пен ел алдындағы жауапкершіліктің биік рухы айқын сезілді.

  • Салтанатты іс-шараға қатысқан мәртебелі қонақтар қатарында:
  • Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Рамазанов Ришат Сағибекұлы,
  • Шекара басқармасының командирі, полковник Есім Саметұлы Ибраев,
  • Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
  • Ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева,
  • Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Оразғалиев Бауыржан Архатұлы,
  • Зайсан мешітінің бас имамы Теңлік Ақмедияр,
  • Сарбаздардың ата-аналары мен әскери қызметкерлер болды.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ришат Сағибекұлы сарбаздарға құттықтау сөз арнап:

«Бұл — ер жігіттің елге берген серті. Сендер – Тәуелсіздіктің тірегі, халқымыздың сенімі! Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарып, аман-есен оралыңдар!» – деп, ақ тілегін жеткізді.

Полковник Ибраев Есім Саметұлы жас сарбаздарға әскери тәртіп пен рух биіктігін, борышқа адалдықты басты ұстаным етуге шақырды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аудан имамы сарбаздарға ақ баталарын беріп, амандық пен ел тыныштығын тіледі.

Ата-аналар үшін бұл күн – қуаныш пен мақтанышқа толы, жүрек тебірентерлік сәтке айналды.
Жас сарбаздар өз кезегінде:

«Біз Отан алдындағы борышты адал өтеуге ант етеміз! Халқымыздың сенімін ақтаймыз!» – деп, әскери қызметке дайын екендіктерін білдірді.

Бұл – ел мен жер алдындағы серт. Бұл – ерлік жолындағы алғашқы қадам.

Отан үшін берілген уәде – мәңгілік адалдықтың нышаны!

Новые статьи

В Восточном Казахстане ищут новые точки роста для туризма

В Восточно-Казахстанской области намерены активнее развивать культурный и спортивный туризм. Эти вопросы обсудили на совещании по развитию туристической отрасли под председательством акима региона Нурымбета...

ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде туризмді дамыту мәселелері талқыға салынған жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті. «Музей инфрақұрылымын дамыту ерекше назар аударуды...

Почти 28 тысяч экобоксов установят в школах Казахстана до конца года

В Казахстане продолжается реализация масштабного экологического проекта в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан». При поддержке АО «Жасыл даму» в 15 областных центрах страны внедряют...

За неделю контакт-центр 1403 обработал более 18 тысяч обращений по республиканским дорогам

Контакт-центр 1403, обслуживающий пользователей республиканских автодорог, за неделю принял и обработал более 18 тысяч обращений. Об этом сообщили в национальной компании «ҚазАвтоЖол». С 8 по...