Риддер қаласының тұрғыны интернет-ресурстарда құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша жалған хабарландырулар орналастырған.
— Ол жалған мердігерлік шарттар жасасу арқылы жерлестерінің ақшасын қалтаға басып, өзіне алған міндеттемелерді орындамай келген. Соның салдарынан 5 адам елеулі материалдық шығынға батты, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, бұл баптың санкциясында 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген.