ШҚО-да тәртіп сақшылары жүрек талмасына ұшыраған адамды құтқарды

Алтай ауданында патрульдік полиция батальонының инспекторлары көше патрульдеу барысында кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып жерге құлаған ер адамды байқаған.

— Бір сәтке де кідірместен полиция капитаны Ринат Қуаниязов пен полиция аға лейтенанты Сырым Қалиқан алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда азаматтың жағдайының ауырлығын ескеріп, оны дер кезінде жақын маңдағы ауруханаға өз көліктерімен жеткізуді ұйғарған, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Медицина қызметкерлері 70 жастағы зейнеткерге жүрек талмасы диагнозын қойды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында медициналық көмек уақтылы көрсетіліп, адам өмірі сақталып қалынды.

— Мұндай сәтте адамның жағдайы туралы ғана ойлайсың. Біз тек өз борышымызды орындадық, — деді полиция капитаны Ринат Қуаниязов.

Зардап шеккен азаматтың жұбайы тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске проходит четвертый городской фестиваль Oskemen Life

Несмотря на пасмурную и прохладную погоду, городской фестиваль Oskemen Life 4.0 собрал немало жителей Усть-Каменогорска. Горожане начали приходить на праздник еще в полдень. Для...

С теплом и щедростью Шемонаихинской земли!

Аромат свежей выпечки, горячий чай с мёдом и домашним вареньем, улыбки и душевные разговоры… Таким тёплым и по-домашнему уютным выдалось субботнее утро в Усть-Каменогорске. Сегодня...

В Усть-Каменогорске выступили творческие коллективы Шемонаихинского района

В Усть-Каменогорске состоялся концерт артистов Шемонаихинского района в рамках областного культурного проекта «Туған жер – алтын бесігім!». Зрителям представили музыкальные и танцевальные номера, а...

В Зайсане до конца года планируют завершить строительство международного аэропорта

В Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области завершают строительство нового аэропорта. После ввода объекта в эксплуатацию здесь планируют открыть авиарейсы в Усть-Каменогорск, Алматы и Астану, а...