Абай облысында екі кәсіпкер заңсыз құм сатып, 150 млн теңге пайда тапқан

Абай облысында екі кәсіпкерге қатысты лицензиясыз құм өндіріп, сату дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Тергеу мәліметінше, олар 2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қазанға дейінгі аралықта Семей қаласы маңында 68 мың тоннадан астам құмды заңсыз өндіріп, сатқан.

Соның салдарынан мемлекетке 272 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Құм құрылыс материалдарын шығаратын зауыттарға жалған сәйкестік сертификаттары арқылы жеке кәсіпкерлердің атынан өткізілген. Күдіктілердің бұл жолмен тапқан табысы 150 млн теңгеден асқан.

Сот шешімімен жалпы құны 181 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Олардың қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер телімі және 17 миллион теңге мөлшеріндегі дебиторлық қарыз бар. Қазіргі таңда іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...