в

ШҚО-да соңғы екі күнде 60-тан астам дала өрті тіркелді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша көктем шыққалы бері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

— Аймақта тек демалыс күндері 60-тан астам дала өрті тіркелген. Шөпті шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы — 169 гектар. Өрт шығуының негізгі себебі – халықтың қауіпсіздікті сақтамауы және отты абайсыз пайдалануы, — делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу үшін 243 адамнан тұратын 46 мобильді топ құрылды. Оған өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция қызметкерлері және орманшылар кіріп отыр. Мобильді топтар профилактикалық рейдтерге шығып жатыр.

Палата предпринимателей ВКО окажет поддержку в ремонте моста в Быструхе

В ВКО только в районе Маркаколь сохраняются снегозапасы