в

ШҚО-да 700-ге жуық адам банкрот деп танылды

ШҚО-да 700-ге жуық адам банкрот деп танылды

Елде 2023 жылдың 3 наурызынан бастап халықтың қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған жаңа заң күшіне енген. Оның ШҚО-да іске асырылу барысы туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов айтып берді.

— Заң шыққалы бері өңірде соттан тыс банкроттық рәсіміне 5 927 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 651 азамат банкрот деп танылса, 4 145 өтінішке бас тартылған. Ал сот арқылы банкроттық рәсіміне 91 өтініш берілді. 22 адам банкрот деп танылып, 15 іс бойынша рәсім жалғасып жатыр. Қалған өтініштер қараусыз қалдырылған немесе кері қайтарылған, — деді ол.

Бұдан бөлек, несие төлеу қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 19 адам таңдаған. Оның ішінде 8 іс бойынша қарызды қайта құрылымдау жоспары бекітілді.

Правила досмотра пассажиров изменились в Казахстане

Грозу и град прогнозируют в Восточном Казахстане