Зайсан ауданының тұрғындары жол жағдайына шағымданды

Зайсан ауданының тұрғындарын жолдың мүшкілдігі әбден қажытқан. Әсіресе көктем-күз айларында көліктер балшыққа батып қалып, ауылдардан Зайсан қаласына жету тіптен қиындайды.

Жергілікті халықты жағдайы сын көтермейтін Біржан-Ақарал жолы шаршатқан.

— Қыс кетіп, қар ерігенде және жылауық күзде жол балшыққа айналады. Соның салдарынан ауылдардан Зайсан қаласына жете алмай, сергелдеңге түсеміз. Бірде тіпті тұрғындардың бірі жедел жәрдем шақыртқанда олар жете алмай қалған. Осы мәселені әкімдікке талай жылдан бері айтып келеміз. Алайда «баяғы жартас – сол жартас» болып тұр, — дейді зайсандықтар.

Зайсан ауданының әкімдігіне ресми сауалхат жолдап, жолдың жөнделетіндігін-жөнделмейтіндігін нақты сұрап көрдік.

— Аталған тасжол аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында. Жалпы Біржан ауылынан Ақарал ауылына дейінгі қашықтық 12 шақырымды құрайды. Жол жазғы күтіп-ұстау жұмыстары аясында нормативтік қалыпта ұсталуда. Ал орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2025 жылға жоспарланып отыр. Тұрғындар тарапынан да қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар келіп түсті, — деп жауап берді аудан әкімінің орынбасары Данияр Серіков.

Оның айтуынша, биыл Тасбастау ауылындағы көше 61,7 млн теңгеге орташа жөндеуден өтеді. Айнабұлақ ауылдық округіндегі 9 көшені де орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

— Жоба сомасы — 210 млн теңге. Біржан ауылының 19-мамыр, 8-Шартты, Амангелді, 4-Шартты көшелерін орташа жөндеу жобасы қолға алынады. Жалпы ұзындығы — 1,806 шақырым. Жоба сомасы 80 млн теңгені құрайды. Дайыр ауылындағы Абай көшесі 58 млн теңгеге орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Көкжыра ауылының екі көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Қарабұлақ ауылындағы Абай көшесін орташа жөндеу үшін 69,6 млн теңге көзделген, — деді Данияр Серіков.

Сондай-ақ осы жылы аудандық маңызы бар «Зайсан-Жаңатұрмыс-Шүршітсу» (0-12 шақырым) тасжолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...