Шемонаиха қаласында мыңдаған үй 1 мамырдан бастап газсыз қалайын деп тұр

1 мамырдан бастап «ПКФ Капан» ЖШС Шемонаиха ауданының орталығындағы көпқабатты үйлерге газ беруді тоқтатады. Оған себеп – жабдықтың тозуы.

Белгілі болғандай, газ қысымын реттегіштердің одан әрі жұмыс істеуі қауіпті деп танылған. 2024 жылдың күзінде жүргізілген техникалық байқау кезінде талай ақау анықталды. «Группа компаний АС-АЛ» ЖШС сарапшылары жүйенің ескіріп кеткендігін мәлім еткен. Сондықтан компания әкімдікке 2025 жылдың 1 мамырынан бастап жабдықты толығымен ауыстыру қажеттігі жайлы хабарлаған.

Барлығы қаладағы 91 көпқабатты үйдің 37-сіне немесе 2535 пәтерге газ беру тоқтатылады. Мәселеге қатысты Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаев түсініктеме берді.

— Халық газды өшірмеуді сұрап жатыр, бірақ біз тәуекелге бара алмаймыз. Жаздағы ыстық ауа райында қауіп одан сайын арта түседі. Біз «ПКФ Капан» ЖШС-дан газды өшіріп қана қоймай, бүкіл жүйені: газ ұстағыштардан бастап ішкі қондырғыларға дейін толықтай диагностикалауды ұсындық, — дейді ол.

Әкімнің айтуынша, барлық жабдықтың тозығы жетпегені анықталса, ішінара жөндеуді қарастыруға болады. Қазір жергілікті билік тәуелсіз сарапшыларды іріктеу бойынша конкурс өткізу үшін құжаттарды жинауда.

— Қорытынды шыққан кезде бұл жұмыстардың қаншаға бағаланатыны, бюджетте оған қаржының бар-жоғы белгілі болады. Әзірге ештеңе айта алмаймыз, — дейді Дидар Кеңесбаев.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...