Катонқарағайда әуежай құрылысына материал тасыған жүк көліктері жолды бұзып жатыр

Жергілікті тұрғындарының айтуынша, республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының жағдайы жақсы болған. Алайда Катонқарағайдағы жаңа әуежайдың құрылысына материал тасыған ауыр жүк көліктері жолды бұзып жатыр.

— 20 күннің ішінде жол әбден бүлінді. Бұрын бұл жол оқтаудай түзу еді. Ал қазір 40 тонналық самосвалдар жолымызды қиратып барады, — дейді халық.

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов жағдайдың бақылауға алынғанын мәлім етті.

— Біз бұл мәселеден хабардармыз. Бірақ Президенттің әуежай салуға қатысты тапсырмасы орындалуы керек. Әуежай құрылысы – стратегиялық маңызды жоба. Жүк көліктері үшін қосымша жол салу мүмкін емес. Бұзылған учаскелер туристік маусым басталғанға дейін толық қалпына келтіріледі, — дейді ол.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы Шығыс Қазақстанда 23 наурыздан бастап осьтік жүктемеге көктемгі шектеулер енгізілгенін, бұл жыл сайынғы шара екенін түсіндірді.

— Көктемде жол жамылғысы ерекше осал болады. Себебі еріген судың әсерінен асфальт астындағы топырақ беріктігін жоғалтады және кез келген артық жүктеме жабынның бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан бір оське рұқсат етілген жүктеме уақытша 10 тоннадан 8 тоннаға дейін төмендетілді. Алайда мердігер бұл шектеулерді сақтамаған. Енді ол жолды өз қаражатына қалпына келтіруге міндеттеледі, — дейді «ҚазАвтоЖол» ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...