ШҚО-да 2 мың гектарға жайылған өрт оқшауланды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қамыс пен шөпті шарпыған жалынның беті қайтты.

Зайсан ауданының Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбырағаш аумағында қамыс пен құрғақ шөпті шарпыған жалын оқшауланды.

— Алдын ала дерек бойынша өрттің жалпы ауданы 2000 гектарды құрады. Зардап шеккен ешкім жоқ, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Зайсан ауданында қамыс өртенгені хабарланған. Өртті ауыздықтауға тікұшақ та тартылған.
Оқиға орнында өрт сөндірушілерден бөлек 200-ден астам адам жұмыс істеді. Олардың ішінде 100 ерікті және 100 жергілікті атқарушы орган қызметкері бар.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел гала-концерт района Алтай

В областном центре завершаются дни культуры района Алтай. Центральным событием программы стал гала-концерт в Восточно-Казахстанской областной филармонии: 16 номеров, домбра, национальная хореография, скрипки, барабаны...

В Усть-Каменогорске проходят Дни района Алтай

В областном центре проходят Дни района Алтай. За три дня район покажет свою историю, культуру, туристические возможности, современные проекты и сельскохозяйственную продукцию. Мероприятия организованы в...

ШҚО әкімі Катонқарағай ауданындағы тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 10-19 қыркүйек аралығында Катонқарағай ауданында өтіп жатқан тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың белсенді кезеңінің барысымен танысты. Оқу-жаттығуға 78 әскери міндетті, ШҚО аумақтық...

Казахстанцам напомнили о сроке уплаты налога на имущество за 2025 год

Собственники недвижимости и земельных участков в Казахстане должны уплатить налог на имущество за 2025 год не позднее 1 октября 2026 года. Комитет государственных доходов...