Зайсандағы өрт шыққан жерге ШҚО әкімінің орынбасары келді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қамыс пен шөпті шарпыған жалынмен күрес жалғасып жатыр.

Оқиға орнында өрт сөндірушілерден бөлек 200-ден астам адам жұмыс істеуде. Олардың ішінде 100 ерікті және 100 жергілікті атқарушы орган қызметкері бар.

– Өрт ошағы елді мекендерден алыс, жету қиын аймақта орналасқан. Халыққа және тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда, өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Біз тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз және қажет болған жағдайда қосымша күштерді тартамыз. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми дереккөздердің ақпаратына сенуді сұраймыз, – деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен оқиға орнына оның орынбасары Бақытжан Баяхметов барды. Ол жағдайды жеке бақылауда ұстап, өртті жою шараларын үйлестірмек.

— Қазіргі уақытта арнайы құрылған жедел топ құрамында өрт сөндірушілер, коммуналдық қызметкерлер және табиғат апатының салдарын жоюға көмектесуге дайын жергілікті тұрғындар бар. Күшті желдің салдарынан өрттің әрі қарай таралу қаупі бар, — деп хабарлады облыстық ТЖД-дан.

Новые статьи

00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...

В Восточном Казахстане определили победителей конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

В Усть-Каменогорске состоялся региональный этап конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026», объединивший ведущие предприятия Восточно-Казахстанской области. Участники представили продукцию пищевой, легкой и строительной промышленности,...

В Усть-Каменогорске проходят ежегодные региональные конкурс-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

На выставочной площадке региона собрали местных производителей, предпринимателей, ремесленников и проекты, которые показывают бизнес ВКО. За стендами – реальные товары, рабочие производства и люди,...

Стаж, ЕНПФ и пороги – что нужно знать будущим пенсионерам

В Казахстане разъяснили порядок назначения пенсионных выплат по возрасту. Согласно главе 15 Социального кодекса, граждане Республики Казахстан, а также иностранцы и лица без гражданства,...