в

Өскемендік әскерилер Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым жүгірді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі – 1 сынып сержанты Қуат Қасымов, 3 сынып сержанты Данияр Сапаралиев және сержант Санат Қазбеков 80 шақырымдық марафон жүгірді.

Жүгіру таң ата Слусары елді мекенінен басталып, Жаңа Ахмер кентіндегі әскери бөлімге дейін жалғасты. Әскери қызметшілер бұл қашықтықты 8 сағат 24 минутта еңсеріп шықты.

– Бұл жүгіруді ұйымдастырудағы мақсатымыз – Жеңістің 80 жылдығына деген құрметімізді көрсету. Әр шақырым біз үшін жауынгерлердің ерлігін, табандылығын еске түсірді. Батырлардың рухы бізге күш беріп отырды, – деді 3 сынып сержанты Данияр Сапаралиев.

Марафон тек спорттық жетістік қана емес, Отан үшін жанын қиған батырларды еске алудың жарқын үлгісі болды. Жол бойында сарбаздар Ұлы Жеңістің маңызын, бейбіт күннің қадірін және әскери борыштың жауапкершілігін тағы бір мәрте сезінді.

В список нематериального культурного наследия ЮНЕСКО от Казахстана включены 14 номинаций

Өскемен тұрғынын өлтірген ер адам қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген