ШҚО-да соңғы екі күнде 150-ге жуық дала өрті тіркелді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша дала өрті күрт көбейген.

— Тек демалыс күндері 150-ге жуық өрт болды. Тілсіз жау көбінесе ашық жерлерде және саяжайлар маңында шыққан. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолданудан, — делінген ақпаратта.

Күн жылытқалы бері халық табиғат аясында, саяжайларда демалысқа барып, далада от жағып жатыр. Сол кезде басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

— Тұрғындарға ашық от жаққанда өте сақ болу қажеттігін ескертеміз. Желді ауа райында үйлердің маңында от жағуға, құрғақ шөп пен қамысты өртеуге болмайды. Көлікпен келе жатқанда жол бойына сөндірілмеген темекі тұқылын, әйнек ыдыстарды лақтырмаңыз, — дейді құтқарушылар.

Новые статьи

В Казахстане за два месяца выявили 201 коррупционное правонарушение

В июле и августе 2026 года служба по противодействию коррупции КНБ зарегистрировала 201 коррупционное правонарушение. Большая часть уголовных дел связана со взяточничеством, хищениями, мошенничеством, злоупотреблением...

В Усть-Каменогорске стартовал финальный тур чемпионата Казахстана по футболу среди юношей

В Усть-Каменогорске начался финальный тур чемпионата Казахстана среди юношей 2013 года рождения. За медали турнира борются восемь сильнейших команд страны, в том числе воспитанники...

ШҚО-да биыл 50-ге жуық адамның велосипеді ұрланған

Жыл басынан бері өңірде велосипед ұрлығының 48 дерегі тіркелді. Оның ішіндегі 42 қылмыс ашылып, ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды. - Азаматтар велосипедтерін аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің жанында...

ИИ-камера зафиксировала смертельное ДТП на трассе Астана Караганда Алматы

На 51-м километре республиканской трассы Астана - Караганда - Алматы произошло смертельное ДТП. Момент аварии зафиксировала камера с элементами искусственного интеллекта. По предварительным данным, автомобиль...