ШҚО-да кадр тапшылығына байланысты диқандар студенттерді жұмысқа тартуға мәжбүр

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 9267 ауыл шаруашылығы бірлестігі бар. Оның әрқайсысына жұмысқа 3-5 маман қажет.

— Кадр тапшылығы мәселесі әсіресе көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде өзекті. Бұл өңірдегі барлық шаруагерді толғандырып отыр. Білікті жұмысшылар болмаса егіске дайындалу да, басқа жұмыстарды да тиімді жүргізу мүмкін емес. Сондықтан кадр мәселесін жедел шешу қажет, — делінген ақпаратта.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, осы салаға 234 маман қажет. Оның ішінде ең көп механизаторлар жетіспейді – 58 адам. Сондай-ақ агрономдар (30), зоотехниктер (26) және мал дәрігерлері (29) тапшы. Бір ғана Күршім ауданында 21 механизатор, 16 шопан жетіспейді.

— Қожалығымызда үнемі маман тапшы. Механизаторларды айтатын болсақ, бізде кемінде 20 адам жұмыс істеуі керек. Бірақ қазір 8 адам ғана жүр. Аграрлық колледж студенттерін уақытша жұмысқа алдық, бірақ ол әлі де жеткіліксіз. Өткен жылы 4 студентті жұмысқа орналастырдық, — дейді Самар ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің өкілі Рамиль Ягудин.

Ал басқарманың ресми мәліметінше, Самарға тек 2 механизатор жетіспейді.

— Ресми статистика мен шын тапшылық сәйкеспейді. Біздің бір шаруашылықта 10-нан астам адам жетіспей отыр. Басқаларда да тура осы мәселе. Білікті механизаторларды таппағандықтан студенттерді оқытып, уақытша жұмысқа алуымызға тура келеді. Бірақ олар тәжірибелі мамандарды алмастыра алмайды, — дейді Рамиль Ягудин.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...