Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастырып жатыр.
Осы жылдың алғашқы үш айында облыс бойынша есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде есірткіге қатысты 50 қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35-і сату, 2-уі аса ірі көлемде сақтау, 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі.
— Сондай-ақ 10 фитолаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 38 келіден астам есірткі, оның ішінде 37 келі марихуана, 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген, — деп хабарлады облыстық ПД.
Есірткі қылмысының алдын алуға да ерекше көңіл бөлінуде. Аталған бағытта 100-ден астам профилактикалық шара — дәрістер, дөңгелек үстелдер, акциялар мен спорттық кездесулер өткізілді.