Өскеменде жер сілкінісінің ықтимал зардаптарын бағалайтын қауіпсіздік паспорты жарияланды

Сол құжатқа сәйкес, 7 балға дейінгі жер сілкінісі кезінде 9 768 ғимарат қирауы мүмкін.

Қала сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Мұнда 7 балға дейінгі жер сілкінісі қаупі бар. Бұдан бөлек, сейсмикалық нормалар ескерілмей салынған тағы 788 нысан қауіп аймағында тұр. Оның үстіне Өскемен аумағында бірде-бір стационарлық сейсмикалық станция тіркелмеген.

ШҚО Құрылыс басқармасы жобалық-сметалық бөлімінің басшысы Гүлмира Сәтбаеваның айтуынша, облыста ғимараттарды бекіте түсу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

— Келесі кезең – тұрғын үйлерді паспорттау. Қала сейсмикалық қауіпті аймақ деп танылғанға дейін салынған әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көпқабатты үйлерге ерекше көңіл бөлінеді, — дейді ол.

Осы ретте, Төтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстанның таулы өлке екенін еске салды. Соңғы екі жылда мұнда онлайн режимде жұмыс істейтін 12 сейсмикалық датчик орнатылды. Барлық дерек автоматты түрде Алматыдағы орталық обсерваторияға жіберіледі.

— Сейсмикалық датчиктер тіпті әлсіз жер асты дүмпулерін тіркеп, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, — дейді ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева.

Өңірдегі соңғы қуатты жер сілкінісі 1990 жылы Зайсан ауданында болған. Ол кезде 9 мыңға жуық үй қирады. Жер сілкінісінің ошағы Біржан ауылының маңында болған еді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...