Өскеменде бір күнде жоғалған үш бала табылды

Өскемен қаласының полиция қызметкерлеріне бір тәулік ішінде кәмелетке толмаған балалардың жоғалғаны туралы екі бірдей хабарлама түсті. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде балалар аман-есен табылды.

— Алғашқы болып 10 және 5 жастағы қыздардың анасы өтінішпен жүгінген. Оның айтуынша, қыздары аулаға ойнауға шығып, қайта оралмаған. Анасы оларды өз бетінше іздеп таба алмаған соң, полицияға жүгінген. Іздестіру жұмыстарына барлық кезекші наряд жұмылдырылды. Көп ұзамай қыздар көрші ауладан табылды. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Кейінірек екінші хабарлама 13 жастағы мектеп оқушысының әкесінен түсті. Оның қызы таңертең үйден шығып, қайта оралмаған. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, көп ұзамай жасөспірімді қаланың бір көшесінен тапты.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...