в

Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына сот шешімі шықты

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты үкім шығарды. Олар ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамауының әкімшілік жазаға әкеліп соғуы бабы бойынша кінәлі деп танылды.

— Ата-аналардың бірі бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Төртеуіне 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Ата-аналар балаларының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын дұрыс қадағаламаған. Сот шешім шығарарда барлық мән-жайды ескерді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, ақпан айында Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққан болатын.

Казахстанцы смогут получить справку о пересечении госграницы

Установить запрет на займы и кредиты казахстанцы могут, позвонив в call-центр 1414