в

Шығыс Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталды

1 сәуірден Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепте бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Өткен жылы өңір бойынша 10 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттаған.

— Заң бойынша балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасы жазған өтініш бойынша барады. Құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері және қағаз түрінде өткізуге болады. Әзірге облыста нақты қанша баланың мектепке қабылданатынын белгісіз, — деп хабарлады ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, мектепке құжаттарды портал арқылы беремін десеңіз қажетті құжаттар тізімі келесідей:
1) ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
2) Баланың денсаулығы туралы № 065-у нысанындағы анықтама және № 052-2/у баланың денсаулық паспорты;
3) 3х4 см фото (2 дана)

В первые два месяца 2025 года в РК значительно снизилось количество коррупционных правонарушений

В Усть-Каменогорске полицейские задержали вымогателя при получении денег