в

Өскеменде ауа сапасына бақылау жүргізілді

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында ауа сапасын тексерді.

— Зерттеулер сертификатталған жабдықтармен жүргізілді. Аспаптық өлшеулердің нәтижелері бойынша көміртегі тотығы мен күкірт диоксидінің рұқсат етілген шектен аз мөлшерде асып кеткені анықталды. Ал басқа ластаушы заттардың нормадан асуы тіркелген жоқ, — делінген ақпаратта.

Енді ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемін нақты қай кәсіпорынның нормадан асырып жібергенін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінен кейін кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру басталып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.

92% государственных услуг в Казахстане доступны удаленно

Казахстанцы смогут заменить удостоверение личности онлайн