Өскеменде 40-қа жуық көпқабатты үй апатты жағдайда тұр

Өскемен қаласының тұрғындары үйлерінің апатты жағдайда тұрғанына, мәселенің талай жылдан бері шешілмей келе жатқанына шағымданды.

Өскеменнің сол жағалауында көпқабатты үйлер қарқынды салынып жатқанымен, оң жағалауда қимыл-қозғалыс жоқ. Соның салдарынан жыл өткен сайын үйлер ескіріп, тозып барады. Кейбір үйлер апатты жағдайға да түскен.

— Стахановская көшесіндегі екіқабатты үйде тұрып келе жатқанымызға 15 жыл болды. Осы уақыт ішінде бірде-бір рет жөнделмеді. 1946 жылы салынған үйіміз ресми түрде апатты деп танылған. Опырылып түсе бастаған сырты да, өңі қашқан іші де әбден тозып тұр. Тіпті ұн сияқты үгітіліп барады, — дейді тұрғындар.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде шаһар бойынша барлығы 1804 көппәтерлі тұрғын үй бар.

Оның ішінде:

  • 453 үй — 1960 жылға дейін;
  • 450 үй — 196-1970 жылдары;
  • 173 үй — 1971-1975 жылдары;
  • 167 үй — 1976-1980 жылдары;
  • 169 үй — 1981-1986 жылдары;
  • 157 үй — 1986-1990 жылдары;
  • 57 үй — 1991-1995 жылдары;
  • 14 үй — 1996-2000 жылдары;
  • 27 үй — 2001-2006 жылдары;
  • 28 үй — 2006-2010 жылдары;
  • 33 үй — 2011-2015 жылдары;
  • 54 үй — 2016-2020 жылдары;
  • 22 үй — 2021-2025 жылдары салынған.

Өскемендегі көпқабатты үйлердің басым көпшілігі кірпішті және панельді үйлер. Ең ескі үйлер 1930 жылы салынған. 10 көпқабатты үйдің тозығы жеткен, ал 37-сі апатты жағдайда деп танылды. Осы жағдайға қатысты әкімдіктің жауабын біліп көрдік.

— 2024-2029 жылдарға арналған жөндеу бағдарламасы аясында жағдай бірте-бірте ретке келтірілмек. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қаладағы тұрғын үйлердің жаппай тозуына жол бермеу. Тұрғын үйлердің иелеріне бірдей көлемдегі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кіші емес жаңа пәтерлер беріледі. Ал тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне олардың құны өтеледі, — деп жауап берді әкімдіктен.

Ең алдымен апатты жағдайдағы үйлердің иелері көшірілмек. Ал жағдайы мүшкіл болса да әлі апатты деп танылмаған үйлер болса олардың иелері өз ақшаларына сараптама жасатуы тиіс.

— Тұрғын үйді апатты деп тану үшін меншік иелері ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық сараптама жүргізу құқығына тиісті сертификаты бар сарапшыға немесе штатында аттестатталған сарапшылар жұмыс істейтін аккредиттелген ұйымға хабарласуы қажет, — деп түсіндірді ведоство өкілдері.

Новые статьи

00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...

В Восточном Казахстане определили победителей конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

В Усть-Каменогорске состоялся региональный этап конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026», объединивший ведущие предприятия Восточно-Казахстанской области. Участники представили продукцию пищевой, легкой и строительной промышленности,...

В Усть-Каменогорске проходят ежегодные региональные конкурс-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

На выставочной площадке региона собрали местных производителей, предпринимателей, ремесленников и проекты, которые показывают бизнес ВКО. За стендами – реальные товары, рабочие производства и люди,...

Стаж, ЕНПФ и пороги – что нужно знать будущим пенсионерам

В Казахстане разъяснили порядок назначения пенсионных выплат по возрасту. Согласно главе 15 Социального кодекса, граждане Республики Казахстан, а также иностранцы и лица без гражданства,...