back to top

Риддер қаласында жұмыс уақыты енді сағат 08.00-де басталады

Кеншілер шаһарында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Демек, осындай жаңашылдық облыстағы 13 қала, ауданның 12-сінде енгізілді. Бұл бастама еңбек үдерістерін оңтайландыруға және аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептердің, балабақшалардың және медициналық мекемелердің жұмысына әсер еткен жоқ.

Риддерліктердің пікірінше, жаңа жұмыс кестесі ыңғайлы.

— Бұл – дұрыс және уақтылы шешім. Біріншіден, таңертең қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық. Екіншіден, таңғы уақытта өнімділік жоғары, жұмыс істеу жеңілірек әрі жылдамырақ, — дейді қала тұрғыны Ляззат Шаяхметова.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужанов жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен мұқият талқыланғанын атап өтті.

— Біз жергілікті халықпен бірқатар кездесу өткізіп, бұл мәселені жіті талқыладық. Қала тұрғындары бастаманы қолдады, — дейді ол.

Новые статьи

Аким ВКО посетил место аварии на водопроводе в Усть-Каменогорске

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов побывал на улице Целинной в Усть-Каменогорске, где в выходные дни из-за аварии на водопроводе без холодной воды временно остались...

Аким ВКО проверил работу Риддер ТЭЦ в условиях сильных морозов

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов без предупреждения посетил ТЭЦ в Риддере, чтобы лично оценить работу ключевого объекта жизнеобеспечения города в условиях зимних нагрузок. На станции...

Новый шиномонтаж в Жанаталaпе ВКО: поддержка логистики и сельского хозяйства

В селе Жанаталап Жанааульского сельского округа Восточно-Казахстанской области начал работу современный шиномонтажный сервис для легковых и грузовых автомобилей. В рамках программы «Ауыл аманаты» местный предприниматель...

Полицейский пришёл на помощь водителю в 40-градусный мороз в ВКО

18 января 2026 года около 21:30 часов в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области участковый инспектор полиции Курчумского районного отдела полиции, майор полиции Руслан Керейбаев, в...