Глубокое және Шемонаиха аудандарында да жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді

Осы уақытқа дейін өңірдегі Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын және Алтай аудандары жаңа жұмыс кестесіне көшкен. Енді бұл қатарға Глубокое және Шемонаиха аудандары қосылып отыр.

Демек, Шығыс Қазақстандағы 11 ауданда мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Алайда бұл өзгерістер білім беру мекемелеріне, балабақшалар мен медициналық ұйымдарға әсер етпейді. Себебі олар бұрыннан осындай тәртіпте жұмыс істеп келеді.

Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кенесбаев жаңа өзгерістер белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкіндігін, бірақ бұл ауданның дамуы үшін қажет екенін жеткізді.

– Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жаңа жағдайларға бейімделу қажеттілігі туындады. Жұмыс кестесінің өзгеруіне бейімделетін барлық бюджет қызметкерлеріне қолдау білдіремін. Бұл – жұмыс үдерістерін оңтайландыруға және әлеуметтік, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қадам. Біз жағдайды мұқият қадағалап, туындаған сұрақтар мен ұсыныстарға жедел жауап береміз, – деді ол.

Новые статьи

Казахстанские промышленные предприятия получили свыше 425 млн тенге господдержки с начала года

По итогам девяти месяцев 2026 года Казахстанский центр индустрии и экспорта QazIndustry выплатил отечественным промышленным предприятиям более 425,3 млн тенге в рамках мер государственного...

В Казахстане намерены увеличить объем разведочного бурения до 120 скважин в год

Казахстан намерен наращивать геологоразведку, развивать собственный нефтегазовый машиностроительный комплекс и переходить от импорта готового оборудования к созданию производств внутри страны. Об этом вице-министр энергетики...

Казахстан и IBCA расширят сотрудничество по сохранению популяций больших кошек

Казахстан и Международный альянс больших кошек (IBCA) намерены развивать практическое сотрудничество в сфере охраны и восстановления популяций редких видов. Перспективы совместной работы обсудили министр...

В Казахстане установили закупочные цены на пшеницу урожая 2026 года

Закупочная цена пшеницы 3 класса урожая 2026 года составит от 92 до 115 тыс. тенге за тонну в зависимости от качественных показателей. Об этом...