ШҚО Полиция департаментінің бастығы Алтай ауданына барды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, жеке құрамға жаңа полиция бөлімінің бастығын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Денис Ерімбесов тағайындалды.

– Денис Масхатбекұлы бұл ауданмен жақсы таныс. Себебі ол осында қызметін бастаған және жағдайды жетік біледі. Оған жүктелген басты міндеттердің бірі – қылмыс деңгейін, әсіресе ауыр қылмыстарды азайту және халықтың полицияға деген сенімін нығайту, – деді облыстың бас полицейі.

Сапар барысында жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Олардың қатарында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мәселелері бар. Сонымен қатар түнгі мекемелердің жұмысын қатаң бақылау және кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды.

– Балалардың қауіпсіздігі – басты міндет. Өкінішке қарай, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, буллинг және зорлық-зомбылық жағдайлары алаңдатады. Бұл мәселелерге жаңа көзқарас қажет. Біз педагогтармен, ата-аналармен және жастар қауымдастығымен тығыз жұмыс істеуіміз керек, – деді ШҚО ПД бастығы.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске проходит четвертый городской фестиваль Oskemen Life

Несмотря на пасмурную и прохладную погоду, городской фестиваль Oskemen Life 4.0 собрал немало жителей Усть-Каменогорска. Горожане начали приходить на праздник еще в полдень. Для...

С теплом и щедростью Шемонаихинской земли!

Аромат свежей выпечки, горячий чай с мёдом и домашним вареньем, улыбки и душевные разговоры… Таким тёплым и по-домашнему уютным выдалось субботнее утро в Усть-Каменогорске. Сегодня...

В Усть-Каменогорске выступили творческие коллективы Шемонаихинского района

В Усть-Каменогорске состоялся концерт артистов Шемонаихинского района в рамках областного культурного проекта «Туған жер – алтын бесігім!». Зрителям представили музыкальные и танцевальные номера, а...

В Зайсане до конца года планируют завершить строительство международного аэропорта

В Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области завершают строительство нового аэропорта. После ввода объекта в эксплуатацию здесь планируют открыть авиарейсы в Усть-Каменогорск, Алматы и Астану, а...