в

ШҚО-дағы жаңа полигон мен қалдықтарды өңдеу зауыты жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартады

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Өскеменде жаңа полигон мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салу мәселесі бойынша экологтар, құрылысшылар, «Ертіс» ӘКК өкілдері және мүдделі ведомство мамандарының басы қосылған жиналыс өткізді. Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде полигонды орналастыруға болатын екі нұсқа қарастырылуда — Глубокое және Ұлан аудандары. Десе де нақты шешім қабылдамас бұрын бірқатар факторды ескеретін кешенді талдау жүргізу қажет, олар: экологиялық талаптар, инженерлік инфрақұрылымның болуы, әуежайдан, су қорғау аймақтарынан алыс жерде орналасуы, жел жағдайы және халықтың пікірі. Нұрымбет Сақтағанов барлық сұраққа 3 наурызға дейін жауап алып қоюды тапсырды.

— Өткен жылдың ақпан айынан бері бұл мәселе бойынша бес отырыс өтті. Бірақ жұмыс алға жылжымай қойды. Бұл қоршаған орта үшін аса маңызды жоба екенін және оның іске асуына кімнің кедергі болып отырғанын анықтауымыз керек. Халықпен жүргізілген жұмысты да сәтсіз деп санаймын. Себебі қоғамдық тыңдаулар өткізілмеген. Бұл жай ғана полигон емес, қоқыс өңдейтін зауыт болатынын, одан экономикалық нәтиже де, жаңа жұмыс орындары да болатыны ешкімге түсіндірілмеді. Осы мәселені жақын арада нақты шешуіміз керек, — деді ШҚО әкімі.

Сонымен қатар аймақ басшысы облыстағы барлық қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын түгендеу қажеттігін атап өтті. Өскеменде жұмыс істеп тұрған полигонды рекультивациялауды қамтамасыз ету де аса маңызды. Осы ірі, экологиялық және стратегиялық маңызды жобаға инвестиция салуға дайын инвесторлармен келіссөздер жүргізуді кейінге қалдырмау керектігі де сөз етілді.

Полигон и завод по переработке ТБО в Усть-Каменогорске обеспечит новые рабочие места и привлечение инвестиций

Казахстанки фертильного возраста смогут пройти 12 обследований по программе «Аналар саулығы»