Аблакетка ықшам ауданында көлік жолы тарылып, жаяу жүргіншілер жолын қар басып қалған.
— Көшелерде көлікпен жүру мұң болды. Жолдың тар болғаны сонша, кейде қарсы жолақтағы көлікке соғылып қала жаздайсың. Автобустардың жүруі тіптен қиын, — дейді тұрғындар.
Қала әкімі халықтың шағымы дұрыстығын айтып, коммуналдық қызметтердің жұмысын сынға алды.
— Жол жиектеріне қар жиналып, соның салдарынан жолдар тарылып жатыр. Қарды жай ғана итеріп қоймай, оны толығымен алып тастайтын техникаларды алу қажет. Келесі жылы бұл мәселе қайталанбауы керек. Тазалау кезінде мектептерге, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар басты назарда болуы тиіс, — деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.