ШҚО-да «әдемі күнде» 55 жұп некесін қиды

Шығыс Қазақстан облысында кешегі күнді, яғни 2025 жылдың 25 ақпанын әдейі таңдап (25.02.2025), неке қиғандар көп болды. Талай жұп заңды некеге отырарда «әдемі күндерді» таңдап жатады. Сондай күндердің бірі кеше болды. 25 ақпанда таңертеңнен бастап Шығыс Қазақстан облысының АХАТ бөлімдеріне жас жұбайлар көптеп келіп, некелерін тіркеу туралы құжат алу үшін өтініш білдірді.

— Мұндай «сәйкес сандар» күндері әрқашан жас жұбайлар арасында танымал. Өскеменде бір күнде 48 жұп некеге отырды. Ал аудандарда 7 жұп тіркелді. Ерлі-зайыптыларға бақытты отбасылық өмір, шуақты да шаттықты күндер тілейміз, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша АХАТ бөлімінің басшысы Әлия Кушкинбаева.

Айта кетейік, әдеттегі күндерде өңірдегі АХАТ бөлімдерінде, әдетте 5-тен 10-ға дейін неке тіркеледі. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында жаңа ресми тіркелген отбасылар саны тұрақты түрде артып келеді. 2022 жылы 4578 жұп неке қиса, 2023 жылы 4682-ге, 2024 жылы 4884-ке жетті.
АХАТ мамандары қазіргі уақытта отбасын құрғандардың орта жасы өзгергенін байқап отыр. Мәселен, егер 4-5 жыл бұрын жаңа түскен жұптардың орташа жасы 22-23 жас болса, бүгінгі таңда ол 26-28 жасты құрайды

Новые статьи

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...

В Усть-Каменогорске прошел вечер классической музыки «Звездные часы оперетты»

В Усть-Каменогорске прошел музыкальный вечер «Звездные часы оперетты», приуроченный ко Дню города. Концерт объединил классическую музыку, популярные произведения и интерактивы со зрителями. Вход для...

В Усть-Каменогорске впервые провели фестиваль воздушных змеев

В Усть-Каменогорске на площадке Чечек впервые проходит фестиваль воздушных змеев, организованный в рамках празднования Дня города. Небо над площадкой украсили десятки ярких змеев, а...