ШҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды кізгізбек болғандардың жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №17 және №18 түзету мекемелерінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған затты өткізбек болғандардың жолын кесті.

Бірінші оқиға түн ортасында №18 түзету мекемесінде болған. Түрме сыртынан ішке қарай 10-нан астам түйіншек лақтырмақ болған ер адам ұсталды. Жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған 12 түйіншек пен жарықшамы бар оттық табылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Мамандардың алдын ала мәліметінше, бұл – кептірілген марихуана.

Операцияға 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері, кинологиялық қызмет мамандары, полиция бөлімінің және түзету мекемесінің өкілдері қатысты. Оқиға орнына Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылған.

Екінші жағдайда №17 түзету мекемесі маңында үшінші курс студенті ұсталды. Одан смартфондар мен бес түйіншек тәркіленді. Екі құқық бұзушы да жауапкершілікке тартылады. Нақты айтқанда, есірткі тасымалдаушыға – қылмыстық, ал студентке – әкімшілік жаза қарастырылған.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...