Күршім ауданындағы Теректібұлақ ауылының тұрғындары интернет тым баяулығына шағымданды

Күршім ауданы Теректібұлақ ауылының халқы интернет жылдамдығының тым баяу екендігін айтып, наразылық білдірді. Соның салдарынан интернетке кіру үшін терезе жағалап, үстелдің үстіне шығып, әуре-сарсаңға түсуде.

Теректібұлақ — Күршім ауданы Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бүгінде елді мекенде 336 адам тұрады. Сол халық интернет жылдамдығының баяулығына наразы.

— Ел қатарлы интернетте отыра алмаймыз. Соның салдарынан халық жаппай қалаға бет бұрмағанда қайтеді? Былайша айтқанда, интернет тек қағаз жүзінде ұстап тұр. Интернетке қосылу үшін үнемі терезе жағалап, үстелдің үстіне шығып жүреміз. Ол аз дегендей, тіпті ұялы телефонмен дұрыс сөйлесе де алмаймыз. Тұтқаның ар жағындағы адамның дауысы естілмей, ығырды шығарды, — дейді ауыл тұрғындары.

Олардың көбі интернетке «Қазақтелеком» АҚ арқылы қосылып отырғандықтарын жеткізді.

— Ай сайынғы төлем де шарықтап барады. Мысалы, маған өткен айда 16 мың теңгенің түбіртегі келді. Не деген баға бұл?! Ал сапасы сын көтермейді. Осы мәселені шешуге бола ма?, — дейді Камаш Таупиқова.

Бұл мәселеге қатысты Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев жауап берді.

— Теректібұлақ ауылында интернет желісінің өткізу қабілеттілігі төмен. Нақты айтқанда, 2G (Алтел — 9,4 мбит/с). Ұялы байланыс та нашар (Дауыстық байланыс: Beeline-0,65; Tele2-0,98; Kcell-0,600,70). 2024 жылы ауылдағы орта мектепке «Starlink» спутнигі орнатылды. 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен меморандум негізінде қолжетімді интернет ұлттық жобасы аясында талшықты оптикалық байланыс желісін тарту жоспарлануда, — дейді ол.

Қайрат Әзімбаевтың айтуынша, Теректібұлақ ауылында 2026 жылға дейін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС арқылы Tele2 байланысына антенна-мачталық құрылғы орнату жұмыстары жүргізіледі.

— Жалпы Күршім ауданының интернет желісінің өткізу қабілеттілігі 3 ауылда жақсы (8-ден жоғары мбит/с). Олар Күршім, Ақсуат, Құйған ауылдары. Барақ батыр ауылында интернет желісінің өткізу қабілеттілігі орташа (2-5 мбит/с). 10 ауылда нашар (0,5-2 мбит/с). Бұл Топтерек, Алғабас, Бурабай, Теректібұлақ, Жолнұсқау, Қаратоғай, Маралды, Үшбұлақ, Бірлік, Сарыөлең ауылдары. Қалған Қойтас, Аманат, Ақши, Егіндібұлақ, Қайыңды, Қайнар, Қыстау-Күршім ауылдарында интернет мүлдем жоқ. Былтыр Амангелді ауылының солтүстік-батысына қарай 7,3 км биіктікте 40 метрлік антенна-мачталық құрылғы, Егіндібұлақ ауылының солтүстік-шығысына қарай 15 км биіктікте 35 метрлік антенна-мачталық құрылғы, Жолнұсқау ауылында 30 метрлік антенна-мачталық құрылғы орнатылды. Сондай-ақ қазіргі уақытта Үшбұлақ ауылынан батысқа қарай 5,4 км жерде биіктігі 40 метрлік антенна-мачталық құрылғы салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — дейді аудан әкімінің орынбасары.

Новые статьи

В ВКО обсудили подготовку кадров для реальной экономики

В Усть-Каменогорске обсудили, как колледжам ВКО готовить специалистов с учетом реальных потребностей экономики региона. На августовском совещании педагогов организаций технического и профессионального образования участники...

Пять школьников из Алматы представят Казахстан на чемпионате FIRST Global Challenge 2026

Пять школьников из Алматы получили право представить Казахстан на мировом чемпионате по робототехнике FIRST Global Challenge 2026. Путевку на международные соревнования они завоевали по...

Усть-Каменогорск на один вечер вернулся в атмосферу 80-х и 90-х

В Усть-Каменогорске проходит традиционная ретро-вечеринка, посвященная Дню города. На один вечер областной центр погрузился в атмосферу 80–90-х годов – с хитами прошлых лет, яркими...

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі Согра жылу электр орталығына барып, оның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Биылғы жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес...