Алтай ауданында интернаттан қашып кеткен 4 бала ісі бойынша полиция тексеру жүргізуде

5 ақпан күні кешкі уақытта облыстық Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының 4 тәрбиеленушісі белгісіз жаққа қашып кеткен. Бұл туралы мектеп әкімшілігі Серебрянск қаласының полиция бөліміне дереу хабарлаған. Содан соң тәртіп сақшыларды оларды іздестіре бастады.
ШҚО Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Ақсана Қаленованың айтуынша, жасөспірімдер үш жарым сағаттан соң табылды. Олардың қол-аяғын бірінші және екінші дәрежелі үсік шалған.

— Бұл оңай балалар емес. Талап бойынша олар ауланы аралай алады, бірақ мектептен тыс жерге шыға алмайды. Бұл жабық мекеме екенін ескерсек, расымен де қызметкерлер тарапынан балаларға қандай да бір қысым жасау фактілері болуы мүмкін. Бірақ әзірге нақты ештеңе айтуға болмайды. Полицейлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Әрине, қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе, тиісті шара қолданылады, — дейді ол.

Екі тәрбиеленуші қазіргі уақытта медициналық мекемеде, олардың денсаулығы тұрақты. Ал екі бала тексеру жүргізілгеннен кейін мектепке қайтарылды.

Новые статьи

В Восточном Казахстане ищут новые точки роста для туризма

В Восточно-Казахстанской области намерены активнее развивать культурный и спортивный туризм. Эти вопросы обсудили на совещании по развитию туристической отрасли под председательством акима региона Нурымбета...

ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде туризмді дамыту мәселелері талқыға салынған жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті. «Музей инфрақұрылымын дамыту ерекше назар аударуды...

Почти 28 тысяч экобоксов установят в школах Казахстана до конца года

В Казахстане продолжается реализация масштабного экологического проекта в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан». При поддержке АО «Жасыл даму» в 15 областных центрах страны внедряют...

За неделю контакт-центр 1403 обработал более 18 тысяч обращений по республиканским дорогам

Контакт-центр 1403, обслуживающий пользователей республиканских автодорог, за неделю принял и обработал более 18 тысяч обращений. Об этом сообщили в национальной компании «ҚазАвтоЖол». С 8 по...