«Браконьер»: ШҚО-да 110-нан астам құқық бұзушылық анықталды

Өңір аумағында 1-28 ақпан аралығында республикалық «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Ондағы мақсат – биоресурстарды заңсыз пайдалануға қарсы күрес, экологиялық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.

— Шара басталғалы 110-нан астам құқық бұзушылық анықталып, заңсыз аң және балық аулау фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеу басталды. 72 адам аң аулау қағидаларын сақтамағаны үшін, 34 азамат балық аулау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Мысалы, Марқакөл ауданында полиция қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғыны тізгіндеген Skoda Octavia көлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан қажетті құжаттарсыз тасымалданған 50 келі «көксерке» балығы табылған. Ер адам балықты бейтаныс адамдардан сатып алғанын айтқан. Заң бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, әрі қарай тексеру үшін Күршім ауданының балық инспекциясына жолданды.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...