в

Шығыс Қазақстандағы жеті ауданда су тасқыны қаупі жоғары

Источник фото: акимат ВКО

«Қазгидромед» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында Катонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарында және Риддер қаласында су тасқыны қаупі орташа деңгейде. Ал Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Глубокое, Ұлан, Самар және Алтай аудандарында су басу қаупі жоғары болып отыр.

— Шығыс Қазақстанда 2025 жылы облыстың қалалары мен аудандарының су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бойынша 88 шара іске асырылған. Қауіп артқан жағдайда жеке құрамнан 2511 адам, 242 мотопомпа, 46 жүзу құралы және 800-ден астам техника әзірленді. Сондай-ақ 64 мың ыдыс-қап, 9323 тонна инертті материалдар және 263 тоннадан астам жанар-жағармай дайындалды, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдарынан арнайы топтар құрылған.

Около 54 млн тонн угля доставлено по сети КТЖ для казахстанских потребителей

Дубайдағы дода: Қазақстандық арнайы жасақ халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді