Шығыс Қазақстан облысында осы аптада аяз күшеюі мүмкін. Алдағы үш күнде республиканың солтүстігі мен шығысындағы ауа райы атмосфералық фронталды бөліктердің әсеріне қарай қалыптасады. Елдің барлық аймағында тұман, қатты жел болады деп күтілуде. Сондай-ақ түндегі ауа температурасы да төмендейді. Осы кездері ел шығысында ауа температурасы 30 градус аязды көрсетеді.
— Шығыста күн бұлтты болып, таңертең тұман түседі. Ауа температурасы күндіз 14-16 градус аяз, түнде 26-30 градус нөлден төмен, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-дан.
Өскеменде де аязды күндер сақталады. Ауа температурасы күндіз 12-14 градус, ал түнде 26-30 градус аяз болмақ.